Мерекеде заңсыз митинг ұйымдастырушылар жазаланады

0
165

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Дембаев «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының негізінде үндеу жариялады

“Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде осы жылдың 9 мамырында заңсыз митингіге қатысуға үгіт жүріп жатыр. Бас прокуратура бұдан бұрын да осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Алайда 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы түсіндірмесін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз” – дейді Болат Дембаев. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, егер азаматтар ескертуге құлақ аспай, заңсыздыққа барса, қатаң жауап береді.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады, – дейді Болат Дембаев.

Еске салайық, 29 сәуір күні Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та азаматтарға үндеу арнап, қоғамдық орындарда заңсыз митингілерге қатыспауды ескерткен еді. Ескертуге қарамастан 1 мамырда Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Семейде, Қарағандыда және Ақтөбеде азаматтар митингіге шықты. Кейін полиция 80 адамның ұсталғанын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз