Қазақстан президентінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев “Бірге” атты акцияның басталғанын хабарлады. 13 мамырдан 7 шілдеге дейін қазақстандықтар елдегі қай мәселені әлдеқайда өзекті санайтындарын жеткізе алады.
Бұл турасында “Нұр Отан” партиясының хатшысы Мәулен Әшімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жазды.
Әшімбаев акция аясында елдің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білідіріп, “дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады”, – дейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар қай міндерттерді маңызды санайды соны алға тарта алатындарын атап өтіп, бар ұсыныс қаралып, сарапталатынын алға тартты. Тоқаев өзі президент сайлауында жеңіске жетсе, қазақстандықтар атап өткен мәселелерді шешуге күш салатынын айтты.
Қазақстан президентін сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Үгіт-насихат жұмыстары 11 мамырда басталды.