“Әзірет Сұлтан” мешітінде тегін тігін үйірмесі ашылды

0
326
"Алтын ине" тігін үйірмесінің ашылу салтанатына қатысушылар. Сурет: muftyat.kz

“Әзірет Сұлтан” мешітінде “Алтын ине” тігін үйірмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты хабарлады.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған тігін үйірмесі “Әзірет Сұлтан” мешітіндегі әйел жамағатын шеберлікке баулып, тігіншілік өнердің қыр-сырына тегін үйрететін болады.

Рамазан айында ашылған тігін үйірмесіне қазірдің өзінде 24 шәкірт жазылған. Үйірме жетекшісі Рахметова Салтанаттың айтуынша, олар бұл жерде киім тігудің алғашқы ережелерін үйреніп, түрлі киім үлгілерін жасап шығарумен айналысады. Әзірге үйірмедегі тігін машиналарының санына орай, бір ауысымда сегіз шәкірт тәлім алатын болады.

Бас мешіттегі игі шараға белгілі киім дизайнері, “IMANI” мұсылман әйелдерге арналған киім үлгісінің авторы Ұлжан Тұрабаева келіп, құттықтау лебізін білдірді. Бір кездері өзінің де осындай үйірмеден сабақ алғанын айтып өткен белгілі дизайнер тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз