Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды.
Сегодня в ходе заседания Высшего Евразийского экономического совета в узком составе было принято решение присвоить Нурсултану Назарбаеву звание «Почетного Председателя Высшего Евразийского экономического совета» #elbasy #EAEU2019 #Kaz
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) May 29, 2019
“Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қосқан үлесін ескере отырып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесін беруді ұсынды. Қазақстан Республикасының атынан осындай бастама берген Ресей президентіне шын алғыс айтамын және қолдау көрсеткен барлық серіктесімізге алғыс білдіремін”, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.