Елордада Қадір түні (фоторепортаж)

0
460

Мың айдан қайырлы болған қасиетті Қадір түнін Елорда тұрғындары  мамыр айының 31- нен маусым айының 1- не қараған түні еліміздегі ең үлкен Әзірет Сұлтан мешітінде қарсы алды. 

Мешіттің астынғы бөлігінде орналасқан  Mumtaz ресторанында арнайы 600 адамға ауызашар беріліп, қасиетті түнде жасалуы тиіс құлшылықтар мен түннің сауаптары жайында уағыздар айтылды.
Мешіттің сыртқы ауласында 5000 адамға арнайы дастархан дайындалып тегін сәресі берілді.
Рамазан айында қасиетті Құранды хатым етіп, жамағатқа қызмет жасаған имамдарымызға бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдің атынан алғысын жеткізді.
Серікбай қажы ОРАЗ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти: 
”Қадірлі жамағат  адамзаттың тілегі мен ықыласы бір жерге толығып, оның сауабы еселенетін Аллах Тағаланың кеңдігі мен жомарттығының арқасында сол бірсәттерде адамзаттың барша тілегін қабыл етіп, жасаған қателігін ғафу етіп кешіріп жарылқайтын бүгінгі кеш қадір кеші. Мың айдан қайырлы болған бұл күн баршамызға қабыл болсын. Еліміз бойынша барлық мешіттерде қадір кешін күтіп жатырған және құлшылық пен дұғада болып отырған жамағатты шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз