“Қоғамдық пікір” институтының төрайымы Айнұр Мажитова 10 маусымда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Exit-poll нәтижелерін жариялады. Нәтижелер мынадай:
Жамбыл Аxметбек -3,86 %
Дәния Еспаева – 5,32%
Әміржан Қосанов – 15,39%
Төлеутай Раxымбеков – 3,03 %
Амангелді Таспиxов – 1,41 %
Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%
Сәді-Бек Түгел 0,86 %.
Атап өтерлігі exit poll “Ел тірегі” заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Жалпы іріктеме – 13200. Ақпарат жинау методикасы – сауалнама. Сауалнама сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жүргізілген. А. Мәжитова аталған сауалнамадан 3 % қате кету мүмкіндігін алға тартты. Ресми сайлау нәтижесі ертең жарияланады.