ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы . Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылсын. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін», – делінген Жарлық мәтінінде.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімінде агенттіктер туралы ережелердің жобаларын, іске асыру жөнінде барлық шараларын қабылдасын. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.