Асқар Мамин: Арыс қаласы қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі (видео)

0
317

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейін көшірілген қалаға шолу жасады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевпен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккермен кездесті.

Сонымен қатар Тоқаев жарылыста  зардап шеккендер жеткізілген  Шымкенттегі ауруханаға келіп, жараланғандардың жағдайымен танысты. Президент медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Жарақат алғандарға тез арада сауығып кетуді тіледі.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында өңірдегі жарылыс салдарынан екі адам қаза болғанын мәлімдеді. Президент Тоқаевтың нұсқауы бойынша құрылған комиссия жұмысының басталғанын жариялай отырып, Мамин қала қысқа мерзімде толық қалпына келтірілетінін айтты.

Төтенше жағдайлар комитеті 24 сағаттық ақпаратты алу үшін

Шымкент қаласына 8 (7252) 449472,353366

Түркістан қаласы бойынша 8 (7253)358302

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 8(7172)533284,533279  байланыс желісін құрды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз