Арыс тұрғындары баспанасына оралуға жолға шықты

0
98

Бүгін таңертең Арысқа кіруге жол ашылып, апта бойы штабтарды паналаған тұрғындар баспанасына қарай жолға шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол өз парақшасында үлкен жолдың бойымен бірнеше автобус легін құрап, Арысқа беттеп бара жатқан көліктердің видеосын орналастырды. Айта кетсек, кеше оларға туған қалаларына оралуға рұқсат берілгендігі хабарланған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз