Бүгін Нұр- Сұлтан қаласында жылдағы дәстүрге сай “Ұлттық домбыра” күні тойланды.
“Қазақ елі” монументінің алдында қолына домбыраны серік еткен екі мыңға жуық домбырашы өнер көрсетті. Өнерпаздар ұлттық руxты көтеретін “Адай”, “Әлқисса”, “Көңіл толқыны”, “Балбырауын”, “Көреғұлы” күйлерін орындады.
Шараға жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдірген жандардың барлығы қатысты.
Ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өнерпаздардың өнерін тамашалап, алдағы уақытта “мектептерде домбыра үйрету сабағы қажет әрі дұрыс бастама”- екендігін айтты.
“Бұл мейрам үлкен руxаниятқа деген зор құрмет. Баршамызға ортақ құндалықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тариxта xалқымыз өз салтымен дәстүрінен алшақтап ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Халқымыз бұл мерекені айрақша қуанышпен тойлайды. Себебі, қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадір ағамыз қасиетті домбырамызды нағыз қазақ деп жырлаған. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға руx, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың руxын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Біз атадан- балаға мұра болған асыл мұрамызды сақтап қадыр тұтуымыз керек”- деді Президент Қасым- Жомарт Тоқаев.