Нұр-Сұлтанда гүрілі қатты автокөліктерге айыппұл салынды

0
147

“Қауіпсіз жол” алдын алу шарасы аясында екі күннің ішінде елорда полицейлері жолдағы қозғалыс кезінде гүрілі қатты 50 көлікті анықтаған.

“Қауіпсіз жол” барысында рейд жүргізілу барысында жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау мен жолдағы тәртіпті сақтауға екпін қойылған. Сонымен қатар, техникалық реттеу саласында ескерілген регламенттер мен стандарттарға жауап бермейтін көліктерді анықтауға назар аударылды.

“Екі күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ереже бұзған осындай 50 жүргізушіні анықтады. Бұл тұрғыда аталған көліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Көліктердегі кемшіліктерді жойғанға дейін оларды қолдануға тыйым салынған. Полицейлердің айтуынша, негізінен 2000 жылға дейін шығарылған БМВ, Субару және ВАЗ маркалы көліктердің қозғалтқышының дыбысы қатты гүрілдеген. Бұған қозғалтқыштан шығатын дыбысты бәсеңдеткіш жүйесінің талаптарға сай болмауы әсер еткен.

Атап өтейік, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiкті қолданғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз