Қазақстандықтар үшін алдағы уақытта Армениядан келетін көліктерге кеден салығы өсуі мүмкін. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Гарик Минасян (Армения кіріс комитетінің тарифті реттеу және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы):
“Егер елге көлікті жеке тұлға өзінің қажеті үшін алып келетін болса Еуразиялық экономикалық одақтың салық кодекісіне сәйкес тасымал мен сақтандыру шығыны көліктің құнына қосылмайды. Мысалы, қазір 3300 доллар тұратын көлікке кеден салығы 10, қосымша құн салығы 20, ал экологиялық ғылым 10 пайыз болады. Жалпы есептегенде 1400 доллар шығады”.
Ал, 2020 жылдан бастап кеден салығына шетелден алып келетін көлікке әр куб сантиметріне 5 еуродан алынады. Сонда жалпы кедендік төлем 12800 еуро болады.
Қазіргі уақытта кеден комитеті төтенше жағдайдың алдын алу үшін жаңа тәртіпті тұтынушыларға жан-жақты түсіндіріп жатыр. Жаңа заң жобасында 1 қаңтардың бастап жеңілдіктер күшін жойып, көліктерді арзанға тіркеу қиындайды.
Гарик Минасян (Армения кіріс комитетінің тарифті реттеу және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы):
“Егер жеке тұлға желтоқсанның 31-не дейін елге көлік әкеліп, жолаушы кеден мәлімдемесін толтыратын болса, онда салықтар да жеңілдікпен есептеледі. Ал, егер декларация қаңтардың 1-де рәсімделсе, онда салық жаңа талап бойынша алынады”.