16 қазан күні Қазақстанда телерадиоарналардың жұмысы 14 сағатқа толығымен тоқтайды. Бұл туралы “Қазтелерадио” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
“16 қазанда сағат 3.00-17.00 аралығында спутниктік, эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желілері құрылғыларында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарда хабар тарату уақытша толығымен тоқтатылады”, – делінген сейсенбіде таратылған хабарда.