Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазақстан” республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдап, басылымды ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа “Егемен Қазақстан” газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер жайында баяндалды.
Сондай-ақ, президенттің тікелей тапсырмасымен жинақталған “Домбыра” оқулығы таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазақстан” газетінің ұжымына шығармашылық табыс тіледі.