21 ақпан күні Қазақстан презмденті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Президент бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.
Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырған.
Әзірет Сұлтан мешітіне бас имам тағайындалды.
Жұма намазынан кейін Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы қызметіне Жүсіпов Ерболат тағайындалды.
Жүсіпов Ерболат 2019-2020 жылдары республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарған.