Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл ақпаратты Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жариялады.
Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 2, 2020
-Бұл – әлемде коронавирус таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаевқа дейін ширек ғасыр Қазақстан президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыздағы “халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында бір топ әйелді қабылдап, соңынан салтанатты шара өткізуді дәстүрге айналдырған еді.
Коронавирус таралуына байланысты Қазақстан соңғы күндері бірнеше мемлекетпен әуе қатынасын тоқтатып, кейбірін шектеген.
Дүниежүзінде қазірге дейін коронавирус жұқтырғандар 89 мың адамнан асты. 2019 жылдың желтоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясы басталғалы 3046 адам өліп, 45 113 адам жазылып шыққан.