Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ұн, жарма, күріш, ет, жұмыртқа, күнбағыс майы, ас тұзы секілді азық-түлік тауарларына шекті баға қойылды. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Төтенше жағдайда азық-түлік бағасын өсірмеу үшін Сауда, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлігі “Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы” бұйрыққа қол қойған.
Мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленген:
1) бірінші сортты бидай ұны;
2) бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны;
3) рожки;
4) қарақұмық жармасы;
5) тазартылған күріш;
6) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
7) тауық жұмыртқасы (I санатты);
8) күнбағыс майы;
9) ас тұзы.
Кейінгі айда Қазақстанның азық-түлік тауарларына деген сұранысын талдау нәтижесінде бұл азық-түлік түрлері ең көп сатып алынатындығы анықталған.
Бағалар әр аймаққа жеке белгіленген.
Министрлік таратқан ақпаратта “әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттыру 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл түрінде жазаға әкеп соғады” делінген.
Карантин кезіндегі тауар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұтынушылар www.dosmart.kz платформасына жүгіне алады.