Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің отырысында Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жоғары палата депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады.
ІІМ басшысы авиация генерал-лейтенанты Мұсабаев ашық ғарышта 341 күн 9 сағат 46 минут болғанын атап өтті.
“Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша сізді елге сіңірген еңбегіңіз үшін құттықтап, тапанша тапсырамыз. Сіз өз атыңызды біздің республикамыздың тарихына лайықты енгізе білдіңіз”, – деді министр Тұрғымбаев.
Айта кетейік, бүкіл әлемде Ғарышкерлер күні 12 сәуірде тойланады.
Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш рет 1994 жылы, содан кейін тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты. Үш рет ашық ғарыш кеңістігіне шығып, 41 сағат 15 минут болды.