Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 83 адамнан табылды. Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында – 40, Алматы облысында – 3, Ақтөбе облысында – 27, Павлодар облысында – 1, Жамбыл облысында 4 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір кешкі сағат 17.30-да хабарлады.
Осылайша Алматыда науқастар саны мыңнан асты.
Қазақстанда барлығы 3356 адамға вирус жұққан. 858 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3356 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 1028
- Нұр-Сұлтан қаласы – 639
- Қызылорда облысы – 198
- Шымкент қаласы – 192
- Қарағанды облысы – 149
- Атырау облысы – 135
- Батыс Қазақстан облысы – 146
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 129
- Алматы облысы – 138
- Жамбыл облысы – 123
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 109
- Қостанай облысы – 49
- Маңғыстау облысы – 48
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 20