Қазақстанның 7 қаласына әуе рейстері қайта ашылады

0
105
Ұшақ. Көрнекі сурет.

11 мамырдан бастап Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанға әуе рейстері ұша бастайды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

“Бүгіннен бастап Президентіміздің шешімімен еліміздің жеті қаласында – Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды”, – деді Тоғжанов.

Еске салайық, президент Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай тоқтағанымен карантин режимі әлі сақталатынын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз