Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы тоқтауы мүмкін

0
228
Автобус. Photo: kolesa.kz

Елордалықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы City Transportation Systems (бұрынғы Astana LRT) баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова  мәлімдеді.

Жолаушыларға бетперде тағу міндетті екені айтылды. Өйткені әлі коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жойылған жоқ.

“Өкінішке қарай, тұрғындардың бәрі жауапкершілік танытып отырған жоқ. 27 наурыз – 16 сәуір аралығында №1 автобус паркі карантинге жабылды. Өйткені бір жүргізуші коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Егер жағдай қайталанса, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін”, – деді Лоскутова.

15 мамырдан бері астанада автобустар бұрынғы режиммен 6.00-ден 22.00-ге дейін жүре бастады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. Карта, SMS, QR-код немесе мобильдік қосымшаларды қолдануға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз