Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 232-ге жетті

0
101

Қазақстанда COVID-19 вирусынан қайтыс болған науқас саны 232-ге жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жексенбінің кешіндегі брифингте мәлімдеді.

Министр Цойдың сөзінше, өткен тәулікте коронавирустан 18 адамның қайтқаны анықталған.

Елге коронавирус індеті келгелі кісі өлімі күн сайын жарияланып тұрды. Алайда 29 маусымнан кейін COVID-19 өлімі хабарланбай қалды. 2 маусым күні Цой бұдан әрі коронавирустан қайтыс болғандар саны аптасына бір-ақ рет хабарланады деген болатын.

Бүгінгі брифингте министр Цой COVID-19 өлімі әр дүйсенбі сайын хабарланатынын айтты.

Қазақстан коронавирусты жұқтырғандар мен одан жазылып шыққандардың нәтижесі де кешігіп жарияланады. Қатардағы азаматтар ПТР талдауының нәтижесін бірнеше күннен кейін біледі. Тәулік ішінде он адам жазылды деп хабарланса, олар бірнеше күн не апта бұрын жазылған болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде COVID-19 өлімі күн сайын хабарланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз