Астана тұрғындары қаладағы дәріханаларда дәрі бағасының өскенін байқаса 109 нөміріне шағым түсіре алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектің қымбаттағанын байқаса хабарлауды ұсынды.
“Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз”, – деді қала әкімі.