Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі

0
87

Қазақстанда 22-23 тамызда карантин қайта күшейтіліп кей нысандардың жұмысы шектеледі. Демалыс күндері шектеу шараларын сақтау туралы елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. 

Елде 17 тамыздан бастап қатаң карантин жеңілдетілген болатын. Сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, сауда үйлері ашылып, шаштараз,  фитнес орталықтары, сұлулық салондары жұмыс істей бастады. Бірақ, үкімет эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шараларын сақтауды жөн көрген.

Сенбі-жексенбі күндері жабылатын нысандар:

  • сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары (олардың ішіндегі супермаркеттер мен дәріханалар жұмыс істей береді);
  • жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
  • сұлулық салондары, шаштараз, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар;
  • фитнес орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • қоғамдық моншалар мен сауналар;
  • балалар және ересектер білім беру орталықтары, коррекциялық кабинеттер;
  • даладағы аттракциондар.

Сонымен қатар, демалыс күндері 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктің қозғалысына да шектеу енгізіледі.

Алматы тұрғындарына демалыста ұлттық саябақтарға баруға және тауға шығуға тыйым салынды.

Сақталатын шектеулер:

Жұмыс күндеріндегі карантин шектеулері демалыста да өз күшінде қалады.

Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады.

Караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық нысандағы аттракциондар мен балалар ойын алаңдары, батуттар, кинотеатрлар, театрлар, музейлер, букмекер кеңселері сол күйі жабық болады.

Балалар сауықтыру лагерлері, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, бассейндер, қалалық қоғамдық жағажайлар мен ашық аквапарктер жабық болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз