Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы тамыз аралығы) 10,9% өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер және жаңа жиналған көкөністер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттаған, қант керісінше арзандаған.
2020 жылғы тамызда ет өнімдері тобында сүйегі бар жылқы етіне орташа баға килограмына 2210 теңгені (2019 жылғы тамызда – 1933 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1940 теңгені (1648 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1909 теңгені (1713 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1567 теңгені (1416 теңге), тауықтың сан етіне 821 теңгені (812 теңге) көрсеткен.
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы тамызда килограмына 211 теңгені көрсетсе, 2019 жылы тамызда 233 теңге болған.
2020 жылғы тамыздағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің орташа бағалары
Қазақстан бойынша орташа баға | Баға | Қалада тіркелген | ||||
2019 жылғы тамыз | 2020 жылғы тамыз | ең төменгі | ең жоғарғы | ең төменгі баға | ең жоғарғы баға |
|
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | 140 | 152 | 132 | 182 | Алматы | Түркістан |
Күріш | 374 | 376 | 265 | 597 | Қызылорда | Ақтау |
Қарақұмық жармасы | 241 | 403 | 302 | 528 | Қарағанды | Атырау |
Сұлы жармасы | 346 | 382 | 226 | 551 | Қарағанды | Атырау |
Сөк | 348 | 367 | 205 | 567 | Ақтөбе | Атырау |
Сүзбе | 1 551 | 1 647 | 1 206 | 2 242 | Петропавл | Атырау |
Қаймақ | 1 065 | 1 149 | 833 | 1 451 | Талдықорған | Атырау |
Айран | 286 | 307 | 238 | 376 | Талдықорған | Атырау |
Пастерленген сүт | 243 | 264 | 203 | 298 | Талдықорған | Нұр-Сұлтан |
Мәйекті ірімшік | 2 685 | 3 009 | 2 351 | 3 809 | Тараз | Нұр-Сұлтан |
Тұздалмаған сары май | 2 220 | 2 612 | 2 150 | 4 201 | Павлодар | Ақтау |
Күнбағыс майы, литр | 434 | 447 | 399 | 493 | Петропавл | Ақтау |
Жұмыртқа, ондық | 248 | 282 | 213 | 373 | Петропавл | Алматы |
Тұз | 53 | 53 | 41 | 57 | Ақтөбе, Орал | Қостанай, Нұр-Сұлтан |
Алма | 378 | 536 | 378 | 693 | Түркістан | Ақтау |
Банан | 547 | 540 | 365 | 679 | Қостанай | Ақтау |