Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының 23-отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Консультациялық-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Ә.Қ. Әбдімомынов, Бас прокурор Ж.Қ. Асанов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері қатысты.
Каспий теңізінің жағасында орналасқан объектілерге қатысты террористік қауіп-қатерлерге ден қоюға мемлекеттік органдардың әзірлігі мәселелері талқыланды.
Терроризмге қарсы орталықтың басшысы ТҚО-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.
Жадыра Аманбайқызы