Нұр-Сұлтанда қатарынан бес күн ауа температурасы +10 °С және одан төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталады.
“ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы “ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы” заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі бойынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды”, – делінген хабарламада.
Әкімдік ресми сайтының хабарлауынша, қалада нысандар бекітілген кесте бойынша жоспарға сай жұмыс атқарып, күн сайын қала бойынша 20 000 тонна қатты отын қоры қамтамасыз етіліп жатыр.