Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы қыркүйек айының соңында аяқталатынын хабарлады.
Министрлік мәліметінше, “Fly Arystan”, “Qazaq Air” және “SCAT” авиакомпаниялары Түркістаннан Нұр-сұлтан мен Алматыға рейстер жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Түркістан қаласын Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен байланыстыру жоспарланған.
Бұдан басқа, Түркиядан Түркістанға рейстер “Turkish Airlines” авиакомпаниясымен алғашында аптасына 3-4 рейс жиілігімен орындалмақ.
Сонымен қатар, басқа шетелдік авиакомпаниялар Әзірбайжаннан, Ресейден және Біріккен Араб Әмірліктерінен Түркістанға халықаралық рейстер ашу мәселесін қарастырылып жатыр.
Әуежайдың негізгі параметрлері:
Ауданы – 905,3 га.,
Жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300 х 45м.,
Жолаушылар терминалы ауданы – 10,5 мың м2,
Өткізу қабілеті-450 жолаушы/сағ.