Қазақстанда осы жылдың қаңтар-тамыз ай аралығында 390 мың отбасы жалпы сомасы 153,3 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өткен тамыз айында дәл осы жәрдемақы түрін 394,1 мың отбасы жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге алған.
Аталған жәрдемақыға отбасында 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасы, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар, табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері 4 баладан – 7 балаға дейін (44 532тг – 77 951тг). Әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен қосылып отырады:
- 8 балалы отбасы – 88 896 теңге
- 9 балалы отбасы – 100 008 теңге
- 10 балалы отбасы – 111 120 теңге
- 11 балалы отбасы – 122 232 теңге
- 12 балалы отбасы – 133 344 теңге
- 13 балалы отбасы – 144 456 теңге
- 14 балалы отбасы – 155 568 теңге
- 15 балалы отбасы – 166 680 теңге
- 16 балалы отбасы – 177 792 теңге
Қазақстанда “жәрдемақы туралы заң” 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.
Министрлік мәліметінше, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд теңге қарастырылған.