Нұр-Сұлтанда апта соңы ауа-райының салқындауына байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылмайды. Бұл туралы СТS фэйсбук парақшасында хабарлады.
Осы күнге дейін карантинге байланысты жексенбі күндері жұмыс істемей келген автобустар, 11 қазаннан бастап сағат кешкі 21:00-ге дейін жүреді. Апта ішінде автобус қозғалысы әдеттегідей жалғасады. Қоғамдық көліктерге әр айналым сайын дезинфекция жасалады. СТS, бұдан бөлек автобустарға маскасыз кіруге және қолма-қол ақшамен төлеуге болмайтынын хабарлады.