Елордада апта соңы ауылшарушылық жәрмеңкесі өтеді

0
197
photo: Астана әкімдігі баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда 17-18 және 24-25 қазан күндері аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкенің өтетін орны Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаң. (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы).

Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары сүт өнімдері және бағасы 1900 теңге жылқы етін қояды (қазы, жая килограммы 2100 теңгеден).

Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары күркетауық етін әкеледі.

“Мясной Союз” келісі 1700 теңге болатын сиыр етін жеткізеді.

Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өндірушілері  бірінші және жоғары сұрыпты ұн, рапс және күнбағыс майын әкеледі.

Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары бал жеткізеді.

Ақмола облысы қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз секілді көкөніс өнімдерін сатады.

Пандемия кезінде, жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз