22 қазанда орталық сайлау комиссиясының брифингінде ОСК төрағасы Берік Имашев мәжіліс сайлуының онлайн өтпейтінін хабарлады.
“Сайлау процесі “Сайлау туралы” заңға сәйкес өтеді. Онда онлайн дауыс беру мәселесі қарастырылмаған… Бұл сайлауларды әдеттегі жүйемен – қағаз бюллетеньдер арқылы өткіземіз. Яғни, сайлаушыларға жаңалық болмайды” деді Имашев.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған бюджеттен 15,3 млрд теңге қаражат бөлінеді.
Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індетіне байланысты сайлау онлайн өтуі мүмкін деп мәлімдеген еді.