Қазақсанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман мен көкатайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Шығыс Қазақстан Облыстарында бұрқасын қар жауып, секундына 15-20 мертге дейінгі жылдамдықта жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып жылдамдығы 25 м/с жететін жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын қар жауып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге артады.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.
Жадыра Аманбайқызы