2 қарашадан бастап Қазақстан мешіттерінде жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында белгілі болды.
“Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін” делінген комиссия шешімінде.
Мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.
ҚМДБ мешітке келушілерді санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға, карантин жағдайына байланысты жұма намазы оқылмайтынын хабарлады.