Нұр-Сұлтанда көмір сатып алуға әлеуметтік көмек төленеді

0
185

Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төлейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызмет хабарлады.

Әлеуметтік көмек 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелеріне (жалға алушысы) жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға көрсетіледі.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 44 448 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы келесі құжаттармен қоса берілген өтініш жібере алады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) адамның отбасы мүшелері туралы мәліметтер;

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

5) Қазақстан республикасы әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

6) банк шоты туралы мәлімет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз