Sulpak тұрмыстық техника және электроника дүкені “ағаштарды кесіп тастады” деген ақпарат жөнінде Instagram парақшасында мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Sulpak дүкеніне жан-жақтан қысым жасалып жатқаны алайда компания халықпен бірге табиғат ресурстары үшін алаңдайтыны жөнінде айтылған.
Ағаштарды заңсыз кесу жөнінде тергеу ісі жүріп, мердігердің қызметкерлері Sulpak аумағына кірмейтін талдарды өз еркімен кескені анықталған.
“Тиісті органдар заңға сәйкес қылмыскерлерге тиісті шараларды қабылдайтынына сенімдіміз. Компания басшылығы қала әкімдігімен мерзімін келісіп Алматыда 500 ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады” – деді Sulpak әкімдігі.
22 қараша күні Төле би көшесі “187” үй маңында 13 ағаш заңсыз түрде кесілген. Көпшілік “Sulpak компаниясы өздерінің дүкені көрініп тұруы үшін кесті” деген қауесет таратқан.