1 желтоқсан Қазақстанда бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев күні.
Қазақстанның Тұңғыш президенті күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында парламенттің жалпы отырысында “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңға өзгеріс енгізілген тұста белгіленді.
Осылайша 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
Алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болып сайланды. Сайлауға қатысқан дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 98,78 пайызы Назарбаевты жақтап дауыс берген.
1 желтоқсан мемлекеттік мереке болғандықтан, бұл күні қазақстандықтар демалады.
Биліктің саясатын насихаттайтын мемлекеттің телеарналар бұл күні Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетеді.
Назарбаевтың биліктен кетуі
Қазақстанды отыз жыл басқарған Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатты.
Алайда, ол Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы мәртебесіне ие, бұған қоса елеулі өкілеттігі бар. Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие.
Сонымен қатар, “Nur Otan” партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келе сала атқарған алғашқы ісі ел астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту болды.