Түркістанда 39 миллиардқа салынып жатқан “Керуен-Сарай” видеосы жарияланды

0
563

Түркістанда түркиялық Sembol сonstruction компаниясы салып жатқан “Керуен-Сарай” кешенінің эскизі мен видео-жобасы көрсетілді. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлады.

“Керуен-Сарайдың” аумағында қонақүйлер, кинотеатрлар және мейрамханалар болады. Бұдан бөлек үлкен Шығыс базары” орналасады. Ол, Мысыр, Үндістан, Иран, Еуропа, Түркістан және Қытай базарларынан тұрады. Базарлардың төбесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдары бар саябақтар жоспарланған.

Кешеннің ерекшелігі ұзындығы бір шақырым болатын қолөнершілер, бұйымдар мен кәдесыйлар шығаратын және сататын шеберханалар орналасқан тарихи-сауда көшесі.

Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы жерде салынады. Кешеннің ауданы шамамен 120 мың шаршы метр болады. Пандемияға байланысты құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жылға шегерілген.

“Бұл жерде Венециядағыдай қайықтар жүзеді. Түрік инвесторлары мұнда әуе театрын салғысы келеді. Жоба 2021 жылдың жазына дейін аяқталады, – деді Түркістан визит-орталығы директорының орынбасары Мақсат Есенов.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз