Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 10 желтоқсанда жергілікті БАҚ хабарлады.
Көктемде Ысқақовтың “Алаяқтық” бабы бойынша күдікке ілінгені хабарланған еді.
БАҚ-тың жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы – 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы 5 жылға сотталған. Оларға түрме жазасы берілген.
Экс-әкім Ысқақовтың “Алаяқтық” бабы бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа қамалғаны биыл наурыз айында белгілі болған.
Қуанышбек Ысқақов 2019 жылы маусым айында Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалған. Оған дейін үш жарым жылдан астам сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың орынбасары болып, экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын басқарған.
28 наурызда Гүлшара Әбдіхалықова президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған.