Түркия денсаулық сақтау министрлігі шетел азаматтарына пандемия кезінде Түркияға келу үшін нені білуі керектігін хабарлады. Бұл туралы Қазақстандағы Түркия елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.
COVID–19 індетімен күрес аясында Түркия денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жарияланған алдын-алу шаралары төмендегідей:
– 28 желтоқсаннан бастап Түркияға шет елден әуе жолымен, 30 желтоқсаннан бастап автомобиль және теңіз жолдарымен келетін жолаушылар соңғы 72 сағат ішінде жасалған теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасын көрсетуі тиіс;
– ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушылар Түркияға ұшарда ұшаққа отырғызылмайды;
– Дегенмен, Түркия шекарасына кірерде теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасын ресми ұйымдарға ұсынбаған кісілер қалатын мекен-жайларында (үй, қонақ үй т.б.) карантинге алынады;
– Қалатын мекен-жайы жоқ кісілер облыстық денсаулық сақтау басқармалары тарапынан белгіленген орындарда карантинге алынады;
– Карантинге алынғаннан кейін 7 күн ішінде ПТР тест тапсырып, талдау нәтижесі теріс шыққан кісілердің карантин уақыты аяқталады;
– Талдау нәтижесі оң болған кісілер денсаулық сақтау
министрлігінің нұсқаулығына сәйкес емделеді;
– Аталмыш алдын-алу шаралары 2021 жылғы 1 наурызына дейін жалғасады.