2021 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің “Протон-М” ауыр класты зымыран тасығышын үш рет ұшыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
2021 жылдың жоспарына сәйкес бұл 2020 жылға қарағанда үш есе көп. Себеі 2020 жылы “Протон” зымыраны бір рет ғана ұшырылды. Әзірге ұшыру мерзімі нақты белгісіз.
*”Протон-М” – мемлекеттік және коммерциялық бағдарламалар бойынша түрлі ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған ауыр класты зымыран тасығыш