Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға байланысты мәлімдеме жасады.
Діни басқарма мәлімдемесінде құранның ішінен аяттар келтіріп, адамдар, емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екендігін айтады.
Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ екенін алға тартқан діни басқарма, вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екеніне сенім білдіріп, вакцина алуды қолдайды.
“Шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі.” – делінген ҚМДБ сайтында.