Депутат: Заң халыққа қарапайым тілде түсіндірілмейді

0
412
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт. Photo: parlam.kz

18 ақпанда өткен Сенаттың жалпы отырысында әділет министрі Марат Бекетаевтың баяндамасынан кейін сенатор Дана Нұржігіт заңның халыққа қарапайым тілде түсіндірілмейтінін айтып сұрақ қойды. 

“Өңірлерге іссапар барысында байқағаным халық қабылданып жатқан заңдардан көп жағдайда бейхабар. Яғни, парламентте қабылданған заң өңірлерге, халыққа жеткізілмейді. Кездесуде азаматтарымыздың көбінің сұрағы алып-қашпа әңгімелерге негізделген. Сол себепті халыққа заңды ашық, қарапайым тілде түсіндіре алу және оны барынша тарату мәселесін барынша күшейту қажет. Міне осының салдарынан әлеуметтік желідегі блогерлер, тәуелсіз сарапшылар заңды өз пайым, түсінігінің шеңберінде талдап, талқылап жатады. Ал тиісті мемлекеттік органның түсіндірмесі кешігіп барып, қоғам қызу талқылағаннан кейін ғана ресми түрде таратыла бастайды. Яғни, халық пен билік арасында коммуникация проблемасы бар. Осы орайда бүгінгі заң жобасы қабылданған соң заң жобасының бастамашылары заңды түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасын министрлік келісімімен әзірлейді деп отырсыздар. Бұл бағдарламаның орындалуын кім қадағалайды? Оның орындалу механизмі қандай болады”, – деді депутат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз