Kazhydromet.kz сайты Қазақстан бойынша 2021 жылғы 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы
сақталады. Ел аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінінің ауа райына әсер етеді. Барлық өңірлерде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын жел күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады.