Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовпен екі ел арасында жаңадан ұшақ рейстерін ашу туралы келісті.
Келісім бойынша 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының ұшақтары Түркістан-Ташкент бағытында аптасына 2 рет қатынайтын болады. Рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
Министрлік эпидемиологиялық ахуал тұрақтанатын болса Түркістаннан ұшатын рейстер санының артатынын хабарлады.