10-12 маусым күндері баяу қозғалатын оңтүстік циклонының әсерінен Қазақстанның біраз аймағында ауа райы құбылады. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.
Жаздың салқын күндері келіп, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, ал орталық және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 градус аралығына, күндіз 15-20 градус аралығына дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 градус аралығына және күндіз 22-35 градус жылыға дейін төмендейді.
Қазақстанның батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 градус нөлден жоғары болса, күндіз 25-37 градусқа дейін өзгереді.