Қазақстанның 19-шы миллион тұрғыны қалай анықталды?

0
198
Photo: inform.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының 19-шы миллион тұрғыны дүниеге келді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Еліміздің 19-шы миллион тұрғыны ретінде Азаматқызы Жания анықталды.

Азаматқызы Жания Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала болып табылады. Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – Назгүл Балтабайқызы Көбентаева, 1986 жылы туған, әкесі – Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 жылы туған.

19-шы миллион тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19009,6 мың адамды құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз