Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райын болжады

0
373
Көрнекі сурет. Photo: zhambylatameken.kz

9-11 қыркүйек күндері солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыста толассыз жаңбыр жаууы мүмкін. Ал оңтүстік пен батыста ауа-райы жауын-шашынсыз. Бұл туралы қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай, елдің басым бөлігінде, таулы аудандарда, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының біртіндеп көтеріледі. Осыған орай түнде 3-11-ден 5-15-ке дейін, күндіз 15-23-тен 20-28-ге дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта түндегі негізгі фон 2-13 ауа температурасын көрсетеді.

9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20-ға дейін, шығыста негізгі фон түнде 2-16-ға, күндіз 15-25-ке, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14-ке дейін, күндіз 19-30-дан 15-25-ке дейін жылу болады деген болжам бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз