Азаматтарға арналған үкімет әлеуметтік желісінде жұмыстан шығып қалған қазақстандықтарға әлеуметтік төлемді қалай алу керектігін түсіндірді.
Әлеуметтік төлемге онлайн өтінім беру жолы:
- Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұраным жіберіңіз;
- Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.
“Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды” – делінген хабарламада.