Республикада 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдер үшін химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді, деп хабарлдайды бірқатар басылымдар.
Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың сәуір айында қол қойған болатын. Түзету енгізілген заңнаманың ішінде химиялық кастрация шарасы қарастырылған.
Бас прокуратураның хабарлағанындай, химиялық кастрация заңына сәйкес, кәмелет жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға ешқандай жағдайда шартты түрдегі үкімдер берілмейді. Рақымшылық, жазаның жеңілдетілуі, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу секілді ешқандай процессуалдық келісім жасалмайды.
Сайттың мәлімдемесінде: «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап химиялық кастрация (ер адамды еркектік қабілетінен айыру) қолданылатын болады», – делінген.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген химиялық кастрацияны қолдану ережелері күшіне енді. Бөлім бастығының бұйрығымен «химиялық кастрация нысанында міндетті медициналық шараларды қолдану жыныстық артықшылықтың бұзылуынан зардап шеккен адамдарда декомпенсацияларды болдырмау үшін сот шешімі негізінде жүзеге асырылады» деп белгіленді.